Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін еңгізу туралы

МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

 ЖАДНАМА

(Қазақстан республикасының 2015 жылы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» № 405-V Заңына негізделген)

 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда халықтың, мемлекет пен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар жарна аударуды бастаған болатын.

Жарнаны кім қашан төлейді? МӘМС жүйесіне қатысу үшін не істеу керек? Егер атыңызға жарна/аударым аударылған болса Сіз автоматты түрде МӘМС жүйесінің қатысушысы болып саналасыз. Өз мәртебеңіз туралы ақпаратты ЖСН арқылы медицина ұйымдарынан білуге болады.

 

Жоғарыда аталған санаттарға кірмейтін адамдар (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінің (1414 теңге) 5% төлеу арқылы өзін-өзі сақтандыра алады.

Жеңілдік берілген санаттарға кімдер жатады? Егер Сіз төмендегі санаттардың біріне кірсеңіз Сіз үшін жарнаны мемлекет төлейді (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап).

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен айналысып үйде отырған адамдар;

5) бала (балаларды) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, үш жасқа дейінгі баланың (балалардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) мүгедек бала күтімімен айналысатын, жұмыс істемейтін адамдар;

7) зейнеткерлер, соның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

8) сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде (қаупі төмен мекемелерден бөлек) жазасын өтеп жатқандар;

9) тергеу изоляторында отырған адамдар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқа иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

12) мүгедектер;

13) күндізгі оқу орындарында білім алып жатқан адамдар;

14) оқу орнын жаңадан бітіргендер (күнтізбе бойынша үш айға дейін).

 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халыққа медициналық көмек қалай көрсетіледі?

Медициналық көмектің екі пакеті болады:

  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК),
  2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)

 

ТМККК МӘМС
Бұл көмек сақтандырылған-сақтандырылғанына қарамастан барлық азаматтарға көрсетілетін болады:

жедел медициналық көмек,

— санитарлық авиация,

бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) — бұл емханаларда жалпы практика дәрігері, терапевт, педиатр сынды мамандар көрсететін қызметтер,

стационарды алмастыратын шұғыл көмек және стационарлық медициналық көмек,

— паллиативтік көмек (туберкулез, онкология, терминалдық сатыдағы созылмалы аурулар, біреудің көмегінсіз жүріп-тұра алмайтын, қамқорлыққа мұқтаж адамдар).                                 

— әлеуметтік маңызы бар аурулар, созылмалы және айналаға қауіп төндіретін негізгі ауруларға консультативтік-диагностикалық қызмет, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек түрлері тегін көрсетіледі, амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі.

Бұл көмек тек САҚТАНДЫРЫЛҒАН азаматтарға ғана  көрсетілетін болады:

 

— салалық мамандардың қызметі және диагностика,

—  бағасы қымбат болып келетін зерттеу әдістері (МРТ (магнитті резонанстық томография), КТ (компьютерлік томография), ПЦР (полимеразды тізбекті реакция) т.б. басқа зертханалық зерттеулер),

— ТМККК пакетінде қамтылмаған өзге де ауруларды амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету,

— стационарды алмастыратын көмек,

— жоспарлы стационарлық көмек,

— қалпына келтіреу мақсатындағы ем-дом және медициналық оңалту.

 

 

ТМККК пакеті — әрбір адамға жедел және шұғыл жағдайларда көмек көрсету және қоғам үшін маңызы бар ауруларды бақылауға алу. ТМККК пакетін барлық азаматтар тегін пайдалана алады. МӘМС пакетіне адамның өмір сапасын жақсартатын медициналық қызметтер, сондай-ақ ұрпақ саулығының негізін қалайтын медициналық көмек түрлері кіреді. Яғни, кезек күттірмейтін шұғыл жағдайлардың бәрі — ТМККК пакеті арқылы, қызмет көрсетудің  бұдан жоғары стандарттары, бағасы қымбат болып келетін қосымша қызметтер, кепілдендірілген пакетке енбеген сирек қызмет түрлері – МӘМС пакеті арқылы көрсетіледі.

Бұдан басқа, азаматтар медициналық көмекті ЕРІКТІ медициналық сақтандыру жүйесі арқылы, сондай-ақ БІРІГІП ТӨЛЕУ арқылы ала алады.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізе отырып, біз  жұртымызды әлемжік стандартпен: яғни, жаппай медициналық-санитарлық  көмекпен қамтамасыз етеміз

ü  медициналық–санитарлық қызметтің негізгі түрлерінің қолжетімділігі;

ü  қауіпсіз, тиімді және бағасы төмен дәрі-дәрмек пен вакциналардың қолжетімділігі және азаматтарды қаржылық тәуекелдерден қорғау

Ақпаратты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облыстық филиалының ақпараттық-түсіндіру бөлімі дайындады.

МӘМС жүйесі туралы толығырақ ақпаратты:

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының www.fms.kz сайтынан, әлеуметтік желілердегі:

Facebook, instagram — @ fms.kz аккаунттарынан таба аласыз.

 

 

ПАМЯТКА

об обязательном социальном медицинском страховании — ОСМС

(основано на Законе Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 405-V «Об обязательном социальном медицинском страховании»).

 

С 1 января 2020 года в Казахстане будет внедрено Обязательное Социальное Медицинское Страхование (ОСМС), основанное на солидарной ответственности населения, государства, работодателей.

С 1 июля 2017 года началось накопление средств в Фонде социального медицинского страхования за счет взносов и отчислений работодателей, индивидуальных предпринимателей и других плательщиков.

Кто? Когда? Сколько платит? Как стать участником ОСМС?Вы станете автоматическим участником системы ОСМС, если за Вас поступают взносы или отчисления. Информация о Вашем статусе в системе будет доступна медицинским организациям по Вашему ИИН.

 

Лица, не попадающие в вышеуказанные категории (самозанятые) смогут оформить страховку, оплачивая с 1 января 2020 года ежемесячно 5% от одной минимальной заработной платы (1414 тенге).

Кто относится к льготным категориям?Если Вы относитесь к одной из нижеперечисленных категорий, то Вам не нужно оплачивать взносы, за Вас будет платить государство (с 1 января 2020 года).

1) дети;

2) лица, зарегистрированные в качестве безработных;

3) неработающие беременные женщины;

4) неработающие лица, фактически воспитывающие ребенка (детей) до достижения им (ими) возраста трех лет;

5) лица, находящиеся в отпусках в связи с рождением ребенка (детей), усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей), по уходу за ребенком (детьми) до достижения им (ими) возраста трех лет;

6) неработающие лица, осуществляющие уход за ребенком инвалидом в возрасте до 18 лет;

7) получатели пенсионных выплат, в том числе инвалиды и участники Великой Отечественной войны;

8) лица, отбывающие наказание поприговору суда в учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы (за исключением учреждений минимальной безопасности);

9) лица, содержащиеся в следственных изоляторах;

10) неработающие оралманы;

11) многодетные матери, награжденные подвесками «Алтын алқа», «Күмісалқа» или получившие ранее звание «Мать-героиня», а также награжденные орденами «Материнская слава» I и II степени;

12) инвалиды;

13) лица, обучающиеся по очной форме обучения;

14) лица, завершившие обучение по очной форме обучения в течение трех календарных месяцев, следующих за месяцем, в котором завершено обучение.

Как будет оказываться медицинская помощь населению с 1 января 2020 года?

Медицинская помощь будет оказываться по двум пакетам:

  1. гарантированный объем бесплатной медицинской помощи (ГОБМП),
  2. обязательное социальное медицинское страхование (ОСМС)

 

ГОБМП

 

ОСМС
Данная помощь будет оказываться ВСЕМ гражданам, не зависимо от наличия страховки:

 

— скорая медицинская помощь,

— санитарная авиация,

— первичная медико-санитарная помощь (ПМСП) — это услуги оказанные врачом общей практики, терапевтом, педиатром в поликлиниках,

— экстренная стационаро-замещающая и стационарная медицинская помощь,

— паллиативная помощь (туберкулез, онкология, хронические заболевания в терминальной стадии, лицам неспособным к самообслуживанию, нуждающимся в постоянном уходе).                                  

— при социально-значимых заболеваниях, основных хронических заболеваниях и заболеваниях, представляющих опасность, бесплатно будут оказываться консультативно-диагностические услуги, плановая стационарная и  стационаро-замещающая помощь, амбулаторное лекарственное обеспечение.

 

Данная помощь будет оказываться только ЗАСТРАХОВАННЫМ гражданам:

 

услуги узких специалистов и диагностика,

дорогостоящими методами обследования (магнитно-резонансная томография МРТ, компьютерная томография КТ, полимеразная цепная реакция ПЦР, другие лабораторные исследования),

— амбулаторно-лекарственное обеспечение при заболеваниях, не охваченных ГОБМП,

— доступ к стационароземещающей помощи,

— плановая стационарная помощь,

восстановительное лечение и медицинская реабилитация

 

 

Пакет ГОБМП – это помощь при экстренных и неотложных состояниях для каждого человека и контроль над заболеваниями, значимыми для всего общества. ГОБМП будет предоставляться всем гражданам бесплатно.В Пакет ОСМС будут входить медицинские услуги, улучшающие качество жизни человека, а также медицинская помощь, которая закладывает основу для здоровья будущих поколений. То есть все, что требует неотложного вмешательства – это ГОБМП, а более высокие стандарты обслуживания, дополнительные, дорогостоящие, редкие услуги сверх гарантированного объема бесплатных услуг – это ОСМС.

Кроме вышеуказанной помощи, у граждан остается право получение медицинской помощи через ДОБРОВОЛЬНОЕ медицинское страхование, а также СООПЛАТУ.

Внедряя систему обязательного социального медицинского страхования в Казахстане, мы обеспечим общепризнанный мировой стандарт: Всеобщий охват медико-санитарными услугами

  • Доступ всем гражданам к основным качественным медико-санитарным услугам;
  • доступ всем гражданамк безопасным, эффективным и приемлемым по стоимости основным лекарственным средствам и вакцинам, и защиту от финансового риска

Информация подготовлена отделом информационно-разъяснительной работы филиала по Павлодарской области НАО «Фонд социального медицинского страхования»

Больше информации о системе ОСМС Вы найдете:

на сайте Фонда социального медицинского страхования– www.fms.kz

в социальных сетях Facebook, instagram — @fms.kz

получить консультацию можно по телефону филиала Фонда в Павлодаре – 8-7182-37-19-04

 

 

 

3 каз

 

 

 

Кто не будет перечислять взносы в ФСМС(каз)

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа