Емделушінің қолдау қызметі

ЕМДЕЛУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ.

ШЖҚ «Ақтоғай  аудандық ауруханасы» КМК-да «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 58- бабына сәйкес медициналық қызмет сапасын басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын аурухананың құрылымдық бөлімшесі болатын ЕМДЕЛУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ ( одан әрі — ҚЫЗМЕТ) құрылды. Бас дәрігердің бұйрығымен ҚЫЗМЕТТІҢ құрылымы мен құрамы бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес Қызметті ішкі аудит жөніндегі бас дәрігердің орынбасары басқарады. Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің әрекеті бас дәрігер бекіткен Ережемен реттеледі.

Мақсаты:

-Уақытылы,сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қажетті көлемде алуға емделушінің құқығын қамтамасыз ету.

— «Мұнда және қазір» қағидаты бойынша емделушілердің шағымдарын жедел шешуді қамтамасыз ету.

Міндеті:

-медициналық көмектің сапасын басқару бойынша аурухананың кұрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.

Қызметтері:

— өзіндік үндеріс пен тәртіпті, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды еңгізуді, ішкі индикаторларды бағалау бойынша бөлімшелер әрекетінің тиімділігін талдау;

-ауруханашілік комиссиялар әрекетінің тиімділігін талдау;

-тиісті басқарушылық шешім қабылдау үшін талдау нәтижесінде анықталған мәселелер туралы ақпаратты аурухана басшылығына ұсыну;

-медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша қызметкерлерді оқыту және оларға әдістемелік көмек көрсету;

— сапанын жақсарту және емделушілердің кауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы қызметкерлердің пікірін білу және ақпараттандыру;

— медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау;

— науқастың медициналық қызмет қөрсету деңгейі және сапасымен қанағаттанушылығын сауалнама арқылы зерттеу мен пайда болу реті бойынша бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде емделушілердін мәселелерін (шағымдарын) шешу;

-азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуды қамтамасыз ету ережелерін сақтауды бақылау.

Құрметті емделушілер!

Егер сіз:

-Медициналық қөмектің сапасына риза болмасаңыз;

-Медициналық персонал жағынан өрескел қылықтарын байқасаңыз;

-Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілген медициналық қызметке медициналық қызметкердің ақшалай қаражатты бопсалаушылық фактілеріне тап болсаңыз немесе кездестірсеңіз;

-Сонымен қатар, басқа да медициналық көмек көрсетудің тәртібі және сапасына  байланысты мәселелер туындаса.

Сіз ЕМДЕЛУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгіне аласыз.

Қызметті басқаратын ішкі аудит дәрігері Сабырова Мадина Ануарбекқызы   сағат 08.30 және 13.00 дейін, 14.30 және 18.00 дейін,

Телефон  21-7-10

Біздің ұйымда медициналық  көмек алу кезінде сұрақтарыңыз пайда болса келесі тұлгаларға хабарласуыңызға болады.

Аурухананың бас дәрігері  ҚҰРМАНҒАЛИЕВА ГҮЛБАҚЫТ ҒАЛЫМҚЫЗЫ сағат 08.30 және 13.00 дейін, 14.30 және 18.00 дейін, әкімшілік, 1 қабат,

бас дәрігердің қабылдау бөлмесі телефон 22-1-87.

Ішкі аудит — Сабырова Мадина Ануарбекқызы сағат 08.30 және 13.00 дейін, 14.30 және 18.00 дейін,  телефон 22-1-88.

-Өтініштер мен ұсыныстарды жинау жәшігі арқылы;

-Актоғай ауданы, Марденов көшесі, 101-үй мекенжайға корреспондентттік пошта арқылы;

-Аурухананың сайты арқылы: http://depzdrav.gov.kz/index/fromorg/40 -Электронды пошта аркылы: aktogai_crb@mail.ru

Сенім телефонына хабарлауыңызға болады

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 8(71841)21-7-10

Call-centr
callcentr_uz@mail.ru   тел: 8(7182) 66-24-99

ҚР ДМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар обласы бойынша департаментінің сенім телефоны 55-07-65, 65-15-50, Сайт: http://mfc-pvl.gov.kz/fag/ fromorg/1

Дұрыстық және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссиялы түрде және Сіздің қалауыңыз бойынша Сіздің қатысуыңызбен қарастырылады. Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі Сіздің өтіңішіңізді қарастырып, жауапты белгіленген мерзімде береді.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа