Ақпарат

Аудан денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөнінде қабылданған шаралар туралы
Ақпарат

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын болдырмау мақсатында Ақтоғай ауданының денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру жөнінде жоспарлы жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.
Ұйым басшысының бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылып, құрамы бекітілген және сыбайлас жемқорлыққа, лауазымдық қылмыстар және парақорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілген.
Комиссия жұмысты үйлестіреді, емдеу-профилактикалық мекемелерде құқықбұзушылықтың алдын алу және анықтау бойынша нақты шаралар қабылдайды. Сыбайлас жемқорлыққа, лауазымдық қылмыстар және парақорлыққа қарсы күрес бойынша міндеттерді шешу жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары әзірленді.
Тоқсан сайын Ақтоғай ауданы бойынша денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру жөніндегі тұрақты жұмыс тобының отырысы жоспарланған, оның барысында мына мәселелер қаралатын болады:
-емдеу мекемелерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары туралы;
-денсаулық сақтаудың басымды бағыттарын жүзеге асыру кезінде пайда болатын сыбайлас жемқорлық тың алғышарттары және оқиғаларын жою жөніндегі жұмыстардың жай-күйі туралы;
— Ақтоғай ауданының халқынан парақорлық фактісі жөнінде түскен арыз-шағымдарды қарау жұмыстарының жай-күйі турлы;
— орындарын ауыстырғанда сыбайлас жемқорлық қаупін туғызатын лауазымдарды анықтау, соңынан олардың еңбек міндеттерін атқаруларына бақылауды күшейту;
-қызметкерлердің өздеріне келген сыбайлас жемқорлыққа тартуға бейім өтініштер туралы хабар бере алатындай жағдай туғызу;
-қызметкердің жеке бас мүдделілігі оның еңбек міндеттерін дұрыс орындауға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін және орындау кезінде қызметкердің жеке бас мүдделілігі азаматтардың, ұйымның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделері арасында қайшылық туғызатын және азаматтардың, ұйымның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян тигізетін шиеленісті жою;
Апта сайын өткізілетін жоспарлы кеңесте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі мәселелер талқыланып отырады.
Денсаулық сақтаудың емдеу мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жөніндегі стенділерге пациенттер үшін ММТМК шеңберінде көрсетілетін тегін медициналық көмек түрлері және ақылы медициналық көмек туралы ақпарат, пациенттердің құқықтары және міндеттері туралы ақпарат орналастырылған, стенділер мүмкіндігінше жаңартылып отырылады. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы хабарламалар және сауалнама жауаптарын жинау үшін жәшіктер орнатылған.
Ұйымдарда медициналық қызметкер тарапынан халықтан заңсыз алымдар жиналғаны туралы ақпарат алу мақсатында (871841) 22188, 21710 «сенім телефоны» жұмыс істейді.
Емдеу-профилактикалық мекемелер және Салауатты өмір салты орталығының күшімен пациенттерді медициналық көмек көрсетуге қанағаттанушылықтары, пациенттер құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, әдеп және деонтологияның сақталуы мәселелері жөнінде анкеталау үнемі жүргізіліп отырылады.
Пациенттерді анкеталау нәтижелері кеңестерде талқыланып отырылады, денсаулық сақтау мекемелерінде болған, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сыбайлас жемқорлық фактілері ұдайы іріктеліп алынады және талдау жүргізіледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі жұмыстарды белсендіру бойынша шаралар қарастырылады. Азаматтардан келген арыз-шағымдар дер мерзімінде қаралып, мағыналы жауаптар беріледі. Емдеу-профилактикалық мекемелерінің барлығында аурухананың визит карточкалары ресімделген, оларда басшы, оның орынбасарлары туралы мәліметтер, телефон нөмірлері, дәрігерлердің жұмыс кестесі жазылған және олар Ғаламторға да орналастырылған. Бастапқы медициналық құжаттамаларда жоспарлы емханалық тексеруге ақпараттық келісім және кезекті МҚО бойынша кезектілік тәртібіндегі араласу, сондай-ақ, азаматтардың өз қаражаттары есебінен жоспарлы емханалық тексеруге ақпараттық келісім және еріктілік негізінде ақылы араласуға келісім парағы енгізілген. Барлық Емдеу-профилактикалық мекемелерінде ақылы медициналық көмек көрсету мониторингі үнемі жүргізіледі.
Ұйымдарда арыз-шағымдарды қарау жөнінде жұмысқа тұрақты түрде бақылау жасалып отырылады. Барлық хаттар мен арыз-шағымдар тіркеледі және өңделеді, бұл құжаттардың әр жұмыс кезеңінде өтуіне бақылау жасауды және олардың белгіленген мерзімде тиісінше орындалуын қамтамасыз етеді.
Ақтоғай ауданының денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа және басқа да лауазымдық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыруға жеке жауапкершілік денсаулық сақтау мекемелері басшыларына міндеттелген.
Басшылар сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың әрбір жағдайын міндетті жария қызметтік тексеру жүргізілетін, ондай фактілерді ұжымда талқылау және кінәлыларға жауапкершілік шаралары анықталатын төтенше жағдай деп қарауға тиісті.
Емдеу-профилактикалық мекемелердің барлығында медициналық персонал арасында құнерездік фактілеріне, пациентке медициналық көмек көрсеткені үшін ақша және басқа да материалдық құндылықтар алуға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары нәтижелі жүргізілуде.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа